"Қазатомөнеркәсіп" ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы қазақстандық "Заречное" бірлескен кәсіпорнындағы үлесін Қытайға сатқанын хабарлады. Бұған қоса Ресей Қазақстанда уран өндіретін тағы екі кәсіпорындағы үлесін сатқан болуы мүмкін. Азаттық осы мәмілелердің жай-жапсарына үңіліп көрді.
Қазақстанда президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары деген лауазым қайта пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қызметке Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыны тағайындады. 8 қаңтарда Тоқаев Сатыбалдыны қабылдап, жойылған лауазымды неге қайта енгізгенін түсіндірді.
2024 жылы Ресей Қазақстандағы ықпалын күшейтті ме? Оқшауда қалған Кремль сыртқы саясатта аймақ пен Қазақстанға басымдық беріп жатыр ма? Мәскеу неліктен аймақтың энергетика саласында белсенді? Астана Мәскеумен қарым-қатынасын қаншалық теңгере алды?
2024 жыл Қазақстанның баспасөз саласында қандай ерекшелігімен есте қалмақ? Азаттық әртүрлі ақпарат құралында істейтін журналистердің пікірін сұрады.
"НАТО жақындап келеді", "теріс пиғылды елдер" адам құқығын қорғау деген желеумен ТМД-ға ақпараттық шабуыл жасап жатыр. Бұл Ресей телевидениесінде айтылып жүрген үйреншікті сөз емес. Бұл бұрынғы қазақстандық жоғары лауазымды шенеунік Иманғали Тасмағамбетовтің мәлімдемесінде айтылған сөздер.
Сирияның экс-президенті Башар Асадқа қарсы топтар небары 11 күнде солтүстіктен оңтүстікке еш кедергісіз жылжи отырып, Алеппо, Хама және Хомс сияқты ірі қалаларды ұрыссыз алды десе болады. Содан кейін Дамаскіге кіріп, елді жарты ғасырдан астам уақыт басқарған Асад әулетінің режимін биліктен тайдырды.
Оңтүстік Корея парламенті қарсы дауыс берген соң, президент Юн Сок Ель елде әскери режим тәртібін енгізу жөнінде шығарған шешімінің күшін жоюға мәжбүр болды. Алты сағатқа созылған әскери режим елдегі саяси партиялар қызметіне, наразылық пен ереуіл өткізуге тыйым салып, цензура енгізген еді.
Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталады. АЭС салу, газ тасымалдау, Украинадағы ахуал және "гуманитарлық әріптестік" – сапар барысында ашық және жабық талқылануы мүмкін мәселелердің бір парасы.
АҚШ-та кезекті президент сайлауы аяқталды. Бір жылға жуық бүкіл әлем назарында болған бұл сайлау – күрделі саяси процесс. Оны ешбір елде түгел қайталау мүмкін емес. Десе де оның Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін тұстары да бар.
АҚШ-та кезекті президент сайлауы аяқталды. Ондағы сайлау – күрделі саяси процесс. Оны ешбір елде түгел қайталау мүмкін емес. Әйтсе де, оның Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін тұстары да бар. Ең маңызды деген бесеуіне тоқталайық.
Тағы