Ақтөбеде Даун синдромы бар балаларды оңалтатын арнайы орталық жоқ. Оңалту жұмыстары жыл бойы жүйелі жүрмейтіндіктен ата-аналар науқас балаларды қоғамға бейімдеудің өте қиын екенін айтады. Әкімдік мемлекеттік тапсырыс аясында жеке орталық ашуға кеңес береді.
Ақтөбеден қашық ауылдарда тұратын халық көбіне таксиге мінеді. Себебі облыстағы он екі ауданның бесеуіне ғана тікелей автобус жүреді. Кей ауылдың тұрғындары ұзақ жылдан бері автобус сұрап келе жатқанымен, әкімдік тасымалдаушы таба алмаған.
Журналист, қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы «полицейлер күш қолданды» деп, олардың үстінен прокуратураға шағым түсірді. Сәрсенбайұлын полиция 9 наурызда Республика алаңында «саяси тұтқын» деп танылған белсенділерді қолдау шарасына барарда ұстап әкеткен.
Журналист әрі азаматтық белсенді Думан Мұхаммедкәрім соттың ашық өтуін талап етіп, аштық жариялады. "Сотқа қорғаушылары қатысса да, қатыспаса да үкім шығып қойғанын" айтып, адвокаттарынан да бас тартты.
Бағдатбай Исмайлов есімді қарақалпақ белсендісі Өзбекстаннан шыға алмай жатқанын айтты. Оның Алматыда қалған бес баласын көрмегеніне жеті жыл болған. Исмайловтың сөзінше, саяси белсенділігі үшін Өзбекстан билігі оның атына несие рәсімдеп, паспортын алып қойған.
Алматыда үш күннен бері Алексей Навальныйды еске алып жатыр. Қазір Ресей елшілігінің алды гүлге толы. Ғимарат алдында полиция күзеті күшейген. Ресейлік саясаткерді еске алмақшы болған кемі екі адам әкімшілік жазаға тартылды.
Қазақстанда тұратын қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратов ұсталды. Ол көпшілікке Мұратбай деген тегімен белгілі. Полиция оның Өзбекстанның өтінішімен қамауға алғанын айтты. Экстрадиция қаупі төніп тұрған белсендінің ісіне құқық қорғаушылар араласып жатыр.
Шыңжаңдағы туыстарын босатуды талап етіп, Қытай консулдығына барып жүргендеріне үш жыл болды. Қытай өкілдігінен ешкім олардың талап-тілегіне жауап берген жоқ. Алайда туыстарына араша сұраушылар күресін жалғастырып келеді.
Алматы облысы Қонаев қаласында журналист, азаматтық белсенді Думан Мұхаммедкәрімнің соты басталды. Әуелде ашық болады деп хабарланған процесті судья жабық өткізуге шешім шығарды. Журналисті қолдап жиналғандардың көбі отырысқа кіре алмады.
Алматыда "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыпталған жеті адамның соты аяқталуға жақын. Процесс 5 ай бұрын басталған. 7 ақпанда жарыссөз болып, айыпталушыларға сөз берілді. Оларды 2022 жылы президент сайлауына санаулы күн қалғанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған.
Атырау облысында былтыр жұмыссыздар саны екі есе өсіп, 42 мың адамға жеткен. Биыл бір айдың ішінде тағы 7 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Азаттық қала іргесіндегі уақытша баспананы паналап отырған Алтаевтар отбасының тұрмысын көріп қайтты.
Transparency International ұйымы Орталық Азия елдерінің жемқорлық индексін жариялады. Онда Қазақстанның көрсеткіші былтырмен салыстырғанда жақсарған. Ұйымның мәліметінше, Қазақстанның рейтингіде үш сатыға көтерілуіне Қаңтар оқиғасынан кейін азаматтық белсенділіктің артуы ықпал еткен.
63 жастағы Өскемен тұрғыны Елена Хардина тазы асырайды. Оның тазылары халықаралық ит көрмелерінде жүлде алған. Тазы ерткен орыс әйелге қала тұрғындары қызыға қарайды. Ол тазының халықаралық дәрежеде мойындалуын қалайды, өзі де осы іске атсалысып жүр.
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының халқы екі жылдан бері алтын өндіретін фабрика салуға және алтынды ашық әдіспен күреп алуға қарсы болып келеді. Олар табиғат бүлініп, экология ластанады деп алаңдайды. Шығыс Қазақстан билігі фабрика құрылысында заңсыздық жоқ дейді.
Қазақстанда кейінгі бір айда билікті сынайтын медиа жобалар мен блогерлердің әлеуметтік желідегі парақтары, сайттары кибершабуылға жиі ұшырап жүр. Олар бұл қасақана ұйымдастырылып жатыр деп есептейді.
Қаңтарда оққа ұшып, көз жұмғандардың жақындары Алматыдағы "Тағзым" мемориалына жиналып, марқұмдарды еске алып, құран оқыды.
Өскемен қаласының тергеу соты 28 желтоқсанда Дина Смаилованы қамау туралы шешім шығарды. Осының негізінде шетелде жүрген Смаиловаға іздеу жарияланып, елге қайтарылуы тиіс. Құзырлы органдар "Смаилова "НеМолчи.kz" қорына донат арқылы түскен миллиондаған қаржыны қолды етті» дейді.
Қытайдағы туыстарына қыдырып барған Қазақстан азаматы Тұрсынәлі Бекдәулет "Қытай полициясы құжатымды тарып алып, бермей отыр" деп мәлімдеді. Ол Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен көмек сұрайды. Тұрсынәлінің сөзінше, полиция оны тергеу бөлімшесіне апарған. Бірақ не үшін ұстағанын түсіндірмеген.
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан, Белорусь және Молдова азаматтарына Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру туралы жарлыққа қол қойды. Құжат бірден күшіне енді. Желі қолданушылары Кремльдің мұндай шешім қабылдауына Украинадағы орыс әскерінің азайып кетуінің қатысы бар деп жатыр.
Алматы соты Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп, мүгедек болып қалған Бибігүл Дүйсенованың өтемақы жөніндегі талап арызын қанағаттандырмай тастады. Дүйсенова былтыр 7 қаңтар түнгі үш шамасында таксимен Шымкенттен Алматыға келіп, Республика алаңы маңында оққа ұшқан.
Тағы